Қарағандыдағы жанжалға Серік Сәпиев кінәлі болып шықты
Kozachkov offside арнасы Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов арасындағы жанжалға қатысты Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жүргізген тексеріс қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Politico.kz
Еске салайық, оқиға 23 қаңтар күні болған. Бұған дейін Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың себебі ретінде оның «заңсыз әрекеттерін» атаған еді. Кейінірек Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев қоғамды асығыс шешім жасамауға шақырып, Агенттік тексерісінің нәтижесін күтуді ұсынған.
Алайда бүгін жолданған құжатта жанжалдың барлық мән-жайы қаралғаны және оқиғаға Серік Сәпиевтің кінәлі екені көрсетілген. Тексеріс қорытындысына Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті бас мамандары Рысқұлбек пен Теміржанов қол қойған.
Құжатта Серік Сәпиевтің әрекеттерінен ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің 6-тармағы 5) тармақшасы және 8-тармағының 1) және 7) тармақшалары талаптарын бұзу белгілері байқалатыны жазылған. Атап айтқанда, мемлекеттік органдардың абыройы мен беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерге жол беру, ұжым ішінде іскерлік әрі сыйластыққа негізделген қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етпеу, сондай-ақ әріптесіне қатысты әдепсіз әрі дөрекі мінез-құлық таныту фактілері көрсетілген.
Соңғы жаңалықтар