"Қарсы шыға алмадым": Света Айтбаева отбасына қатысты сырын бөлісті
Әнші Света Айтбаева жұбайы Қанат Айтбаевтың тегін не себепті алғанын айтып берді. Жұлдызды жұп QAZAQSTAN ұлттық арнасының «1001 түн» бағдарламасына қонақ болып, отбасылық өмірлеріне қатысты жеке жайттарды бөлісті, деп хабарлайды Politico.kz Sn.kz-ке сілтеме жасап.
Өнер иесінің айтуынша, тұрмысқа шығар алдында ол өз тегінде қалғысы келген. Алайда бұл шешім кейін өзгерген.
«Мен Қанатқа өз тегімде қаламын, сенің тегіңді алмаймын деп айтқанмын. Бірақ ол мені көндіре алмағасын, той үстінде әжеме барып, жағдайды түсіндірген. Әжемнің сөзіне қарсы шыға алмадым. Солай Қанаттың қайсарлығы бәрінен басым түсті», – деді Света Айтбаева.
Әншінің бұл мәлімдемесі желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, түрлі пікірге себеп болды. Бірі отбасындағы үлкендердің сөзіне құрметпен қарауды құптаса, енді бірі әйел адамның таңдауына еркіндік берілуі тиіс екенін алға тартты.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
23:19
Испаниядағы ірі апаттан кейін Қазақстан СІМ мәл...
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...