"Қартайып кеткен": Танымал блогер Кәмшат Жолдыбаеваны сынап, жұрттың талқысына түсті (ФОТО)
Shaikh01kz лақап атымен танымал блогер Еркежан Шайхиева әлеуметтік желідегі парақшасында әнші Кәмшат Жолдыбаеваның сырт келбетін сынға алды, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Блогер оқырмандарына өзінің бет күтімі жайлы әңгіме айтып, арасында өнер иесінің жасы келгенін жазған.
“Кәмшат менен 2 ғана жасқа үлкен. Ол өте әдемі әйел, бірақ қартайғаны көрініп тұр. Сондықтан өтініш, күтім жасауды ұмытпаңыздаршы. Мен мейлінше, сыпайы түрде жазып отырмын. Ол әдемі, бірақ жасы келді. Оның жас көрінбейтіні өтірік емес қой. Ал сендер мен оны “Қорқынышты әрі кәрі” деп жазғандай айтасыңдар. Жарайды, онда түрі өте қорқынышты”, – деп жазды ол.

Блогердің бұл сөзі желі қолданушыларына жақпай қалды. Олар Еркежанның жазғанын Threads желісінде қызу талқылап жатыр.
“Еркежан іс-әрекетін ешқашан жақтырған емеспін. Өзін Кәмшатпен салыстырып отыр. Ол қайда, сен қайдасың”, “Кәмшат үй киімімен, бетінде бояу жоқ, шашын түйіп алған, ол сонда да керемет”, “Кәмшат жақында босанды, ал босану әйелді жасартпайды. Ұйқының қанбауы, бала бағу бөлек әңгіме. Ал Еркежан ешқашан бала босанбаған, өмірінен рақат алып, демалып жүрген адам”, “Өзін Кәмшатпен салыстырғаны артық енді”, “Бұл қыздың ішкі жан дүниесінде проблема бар секілді, өмірі өзін көтеріп, біреуді жамандап отырады.Бұл дұрыс емес, оған психологқа бару керек”, “Өзі боянып алып, желідегі фильтрмен отыр. Ал Кәмшат табиғи сұлу, қалай бар, солай көрсетеді”, “Маған Шайхтың өзі де, оның іс-әрекеті де мүлде ұнамайды. Қарап тұрсаң, 18 жаста емес, бірақ өзін бала секілді ұстайды”, – деп жазды олар.
Соңғы жаңалықтар