Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға келді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға келді
Сурет: Ақорда

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БАУЫРЛАС ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫНА РЕСМИ САПАРМЕН КЕЛДІ, ДЕП ХАБАРЛАЙДЫ POLITICO.KZ САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТІК ПОРТАЛЫ.

Президентті Бішкектегі «Манас» халықаралық әуежайында Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың өзі салтанатты түрде қарсы алды.

Ертең президенттер келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің жетінші отырысына қатысады.

Бұл сапар екі бауырлас мемлекет арасындағы одақтастық қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып саналады. Келіссөздер мен кеңес отырысының қорытындысы бойынша бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылады деп жоспарлануда.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу