Қасым-Жомарт Тоқаев Рождество мерекесімен құттықтады

07.01.2026 09:33 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
Қасым-Жомарт Тоқаев Рождество мерекесімен құттықтады
0
93
Фото: Ақорда

Тоқаев Рождество мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Politico.kz.

"Құрметті отандастар!

Қазақстанның барша православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын!

Бұл жарқын мейрам адамдардың жүрегіне сенім мен үміт ұялатып, барша адамзатқа сүйіспеншілікпен қарауға үндейді.

Әділдік, ізгілік, шынайылық, жауапкершілік, мейірімділік, үйлесімділік сияқты мәңгілік рухани құндылықтар христиан діні мен басқа да әлемдік дәстүрлі діндердің арқауы саналады.

Православ христиандары еліміздегі конфессияаралық келісімді нығайтуға, өскелең ұрпақты отаншылдық пен еңбекқорлыққа баулуға және олардың бойына отбасы құндылықтарын сіңіруге елеулі үлес қосып келеді.

Бірлік, тілектестік, өзара қолдау қағидаттары – мемлекеттік саясатымыздың ажырамас бөлігі, барлық жетістіктеріміздің мызғымас негізі.

Жұртымыз бір-біріне құрмет көрсетіп, сенім мен жанашырлық таныта отырып, әділдік және өсіп-өркендеу жолында алға қарай нық қадам жасай береді.

Православ азаматтарға және барша халқымызға шын жүректен зор денсаулық, толағай табыс тілеймін! Әр үй құт-берекеге толсын!", – делінген Президент құттықтауында. 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий