"Қатал күйеу – Алланың сыйы": Марзия Бекайдардың айтқан сөзі қызу талқыға түсті
Әлеуметтік желілерде діни коуч ретінде танымал Марзия Бекайдардың подкастынан алынған бір үзінді қызу талқылауға түсті, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Тараған видеоға тек қазақстандықтар ғана емес, көршілес мемлекеттердің де желі қолданушылары алаңдаушылық танытты.
Әсіресе пікір қалдырған әйелдер тарапынан қатты наразылық байқалды.
Үзіндіде мынадай сөздер айтылады:
«Сені тәрбиелеп, саған қатал бола алатын күйеу — Алланың жіберген нығметі. Қатал мінезді күйеу — үлкен сый».
Бұл тұжырым қоғамда үлкен сынға ұшырап, пікір білдірушілер наразылықтарын жасыра алмады. Желідегі жазбаларда:
«Ересек әйелді біреу тәрбиелеуі керек дегенді қайдан шығарады?», «Мыналар не айтып отыр өзі?», «Өздерін алдап жүр», «Бұл қай ағым?», «Күйеу әйеліне керісінше мейірімді болу керек қой», — деген сынды пікірлер басым болды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
14:19
TikTok-та «өнер» көрсеткен екінші адам да жазас...
29.10.2026
14:15
«Екі жарты бір бүтін»: Меруерт Түсіпбаева таным...
29.10.2026
14:01
Бектенов Мақсұтовтың неге кеткенін түсіндірді
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...