«Қателескен шығармын»: Бағжан Октябрь қажылықтағы видеосына байланысты кешірім сұрады

28.01.2026 09:30 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Қателескен шығармын»: Бағжан Октябрь қажылықтағы видеосына байланысты кешірім сұрады
191
Фото: видеодан скриншот

Қажылық сапармен Меккеде жүрген танымал виолончелші Бағжан Октябрь әлеуметтік желіде қызу талқыланған видеосына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Politico.kz

Музыкант TikTok желісіне көңілді клубтық әуенмен түсірілген бейнежазба жүктеп, көпшіліктің наразылығына тап болған. Желідегі сыннан кейін өнер иесі Threads парақшасында түсініктеме жазып, жұрттан кешірім сұрады.

«Threads-та бір сәтте жауыз болып шыға келіппін… Егер біреудің көңіліне тиген болсам, кешірім өтінемін. Алда тағы екі күнім бар. Телефонымды чемоданға салып, өзіммен оңаша қалып, дұға жасап жалғастырғым келеді», – деп жазды ол.

Бағжан бұл жағдайды өмірлік сабақ ретінде қабылдайтынын да жасырмады.

«Ешқандай жаман ойсыз, күнделікті қолданатын TikTok дыбысына видео салған едім. Ұйқыдан оянсам, үлкен дау туып кетіпті. Бір сәтте күнәһар, тәкаппар, жауыз атанып шыға келдім. Мүмкін, қателескен шығармын – оны мойындаймын. Егер солай болса, жауапкершілігін өз мойныма аламын. Ешқашан ешкімге қиянат жасаған емеспін, жәндікке де зияным тиген жоқ. Мұның бәрін сынақ деп қабылдаймын. Осындай сәттерде адам шыңдалады», – деп түйіндеді музыкант.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий