«Қатты ашулымын»: 10 тәулікке қамалған Асқар Жұмабек үн қатты
Танымал актер Асқар Жұмабек 10 күн абақтыда болғаннан кейін көпшілікке мәлімдеме жасап, даулы оқиғаға қатысты өз пікірін жеткізді, деп хабарлайды Politico.kz.
Ол алдымен бостандыққа шыққанына шүкіршілік білдіріп, осы уақыт аралығында әлеуметтік желіде тараған кей ақпараттардың шындыққа сәйкес еместігін атап өтті. Актер өз сөзінде бір жылдан астам жұмыс істеген орнын да атап, жағдайдың күтпеген жерден ушыққанын жеткізді. Асқар Жұмабек өзін «қызға қол көтерген адам» ретінде сипаттағандарға қарсылық білдіріп, оқиғаның толық мән-жайын алдағы уақытта түсіндіруге уәде берді.
Оның айтуынша, жанжал кезінде сөзге келу болғанымен, оған қатысты айтылған кей айыптаулар шындыққа жанаспайды. Актер мұндай жағдай кез келген жұмыс орнында кездесетін конфликт екенін алға тартып, өзіне жала жабылғанын меңзеді. Сонымен қатар, заң аясында жауапкершілік барын ескерсе де, қарсы тараптың деңгейіне түспейтінін айтты.
Қазіргі таңда оқиғаның нақты ақ-қарасы толық анықталған жоқ, ал актер алдағы уақытта толық мәлімет беретінін жеткізді.
Соңғы жаңалықтар