"Қатты ауырып, жылап жібердім". Индира Елемес қандай оталар жасатқанын айтты

01.10.2026 • 22:41 Томирис САҒЫНДЫҚ
119
Фото: instagram.com/indiraelemes/

Белгілі әнші Индира Елемес өзінің ота жасату тәжірибесінің қыр-сырын бөлісті. Ол өзінің денсаулығы мен келбетіне қатысты маңызды шешімдерді қалай қабылдағанын ашық баяндады, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы НТК арнасының "Не дейді?" бағдарламасында айтып берді. 

"Негізінде, липосакцияға аяқастынан бел будым. Аяқастынан ойланып, оны жасатқым келді. Сөйтіп консультацияға бардым. Назым Саяқовқызы өте мықты хирург, сол кісіге барып ақылдасып, датасын қойып, тез арада жасаттым. Ойлаған күннен бастап ота жасалғанға дейін бір-ақ апта өтті. Негізі, мен қайда бара жатқанымды толық түсінген де, білген де жоқпын. Бұрын липосакция осылай жасалады екен ғой. Бойымда ешқандай корқыныш сезімі болған жоқ. Бірақ қасымдағылар: "Қорықпайсың ба? Неге көңіл-күйің күшті болып тұр?" — деп айтты. Мен тіпті: "Дауай, дауай, тезірек болыңдаршы, менде уақыт жоқ, қазір тұрамын да, жүгіріп шығып кетемін", — дедім. Ота бес сағаттай, төрт жарым-бес сағаттай жасалды. Сосын ояндым. Оянған кездегі сезімді айтып жеткізе алмаймын, бұл сұмдық болды, тіпті жылап жібердім, қатты ауырды", — деді Индира Елемес.

Кез келген медициналық процедураның сәтті өтуі маманның біліктілігіне тікелей байланысты. Өз денсаулығын сеніп тапсырмас бұрын дәрігерді және клиниканы мұқият зерттеудің маңызы зор. Индира Елемес маман таңдаудың жауапкершілігі мен бет күтіміне қатысты өз ұстанымын осылай түсіндірді.

"Мен жақсы нәтижеге сеніп бардым, мұндай жаман ойларды алып тастадым. Оның үстіне, кімге бара жатқаныңды бірінші зерттейсің ғой. Әрине, мен ол клиниканы да, ол хирургті де өте жақсы зерттедім. Бәрі өте жақсы болды, ол клиникада ешқандай қайғылы жағдайлар болмаған. Одан кейін міндетті түрде анализ тапсырдым. Анализдерім жақсы болып шыққаннан кейін ол кісі мені отаға қабылдады. Одан кейін тағы бір жеріме ота жасаттым, сол кезде қатты қорықтым. Неге екенін білмеймін. Ол жеңіл ота болды, бірақ маған: "Сен өте ауыр операциядан өттің, бұл жеңіл отадан қалай корқасың?" — деді. Білмеймін, қорықтым. Ол ота қолыма жасалды. Кішкене ғана жеріне жасалды. Қатты толық емеспін, кішігірім жерлері болды. Кескен жоқ, ондай болған жоқ, тек майды алды. (...). Бұл жерде білікті мамандардың рөлі үлкен. Өйткені қазір косметологтар да хирург болмаса да, липосакция жасап жүр. Кәдімгі жай косметологтың өзі наркозсыз, седациясыз жасай береді, бұл өте қауіпті. Сол себепті білікті мамандар, хирургтар әрбір тамыр мен нүктені жақсы біледі. Бәрі де тексеріледі. (...). Липосакциядан басқа бетіме ештеңе жасатқан жоқпын. Бетім идеалды, өзім өте сұлумын. Мен тек косметологқа барып, бетімді тазалатып тұрамын. Ал ботокс немесе филлер сияқты нәрселерді мүлде жасатқан жоқпын", — деді Индира Елемес.

 

Войдите, чтобы оставить комментарий