«Ұйықтап жатқан баланың бетін тырнады»: Ақтөбедегі балабақша тәрбиешісінің үстінен іс қозғалды

01.10.2026 • 23:20 Қарақат АСЫЛОВА
«Ұйықтап жатқан баланың бетін тырнады»: Ақтөбедегі балабақша тәрбиешісінің үстінен іс қозғалды
300
Видеодан кадр

Ақтөбе облысының Шалқар ауданында балабақшада болған оқиғаға байланысты тергеу басталды, деп хабарлайды Politico.kz сайты "7 арнаға" сілтемемен.

Мекеме қызметкері тынығу уақытында бір жарым жастағы баланың бетін әдейі тырнады деген күдікке ілінген.

Оқиға балабақшадағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрларда тәрбиеші көмекшісінің әрекеті тіркелгені хабарланды.

Аталған дерек бойынша кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау немесе тиісінше орындамау фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, бейнебақылау камераларындағы жазбалар тәркіленген.

Шалқар аудандық білім бөлімінің мәліметінше, оқиғадан кейін арнайы комиссия құрылып, қызметтік тексеру басталған. Сондай-ақ сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Білім бөлімі басшысы Аян Башановтың айтуынша, оқиғаға қатысы бар қызметкер аталған мекемеде 2009 жылдан бері жұмыс істейді. Қазір ол қызметтік міндеттерін атқарудан уақытша шеттетілген.

Білім бөлімі жағдайдың бақылауға алынғанын және тексеру қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданатынын мәлімдеді.

Войдите, чтобы оставить комментарий