«Қайда бара жатыр?» Ақбота-Нұрдың образы оқырмандарды алаңдатты

23.12.2025 11:31 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Қайда бара жатыр?» Ақбота-Нұрдың образы оқырмандарды алаңдатты
0
84
Коллаж: Politico.kz

Желіде әнші әрі актриса Ақбота-Нұр Абайқызының Жаңа жыл қарсаңында түсірілген видеосы қызу талқыға түсті. Өнер иесі "Ақшақар" бейнесінде фотосессия жасап, түсірілім сәттерінен үзінділерді әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен, деп хабарлайды Politico.kz

Алайда көпшілік бұл образды әрқалай қабылдады. Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі әншінің батылдығы мен сұлулығын қолдап, шығармашылық ізденіс деп бағаласа, енді бірі оның таңдаған стилін орынсыз деп сынады.

Сын айтушылар арасында:

«Кезінде орамалға келгеніңізде қатты қуанғандардың бірі едім»«Әдемі, бірақ киім азайып жатыр ақырын»«Озобоченный Снегурочка болып отырсыз ғой»«Жиіркенішті. сұлу деген сайын қайда кетіп бара жатыр?» деген пікірлер жазғандар да болды.

Сонымен қатар кейбір оқырмандар әр адамның таңдауы мен сахналық образына түсіністікпен қарауға шақырып, өнер адамының шығармашылық еркіндігін шектемеу керек екенін атап өтті. Ақбота-Нұрдың бұл бейнесі желіде әлі де қызу талқыланып, көпшіліктің назарын өзіне аударып отыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий