"Қайран жастық": Тоқтар Серіков желідегі парақшасына жүрек тебірентерлік видео жариялады
701
Танымал әнші Тоқтар Серіков әлеуметтік желідегі парақшасында жүрек жылытарлық жаңа жазба жариялады, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Әнші жүктеген видеода өзі мен жұбайы, әнші Бейбіт Сейдуалиеваның жастық шақтағы ерекше сәттері топтастырылған. Ескі видеолар мен фотолардан құралған бұл ролик көпшіліктің көңілін елжіретті.
Тоқтар Серіков бейнероликтің сипаттамасына қысқа ғана: "Қайран жастық!" – деп жазып, желідегі оқырмандарын ойға қалдырды.
Видео аз уақыт ішінде 16 мыңнан аса лүпіл жинап, пікірлер легі толастаған жоқ. Желі қолданушылары:
"Керемет! Махаббаттарың мәңгілік болсын", "Қандай жарасымды жұп", "Бала кезден тыңдаймыз, бақытты болыңдар", "Өздеріңізді көріп көңіл тербеледі, жастық шақ еске түседі", – деп жылы лебіздерін жаудырды.
Желі қолданушылары жұптың өнеріне, отбасылық үйлесіміне тәнті болып, ұзақ ғұмыр мен бақ-береке тіледі.
Соңғы жаңалықтар
13.09.2026
17:05
Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаз...
13.09.2026
16:10
Қаскелеңде бір жылдан бері із-түзсіз кеткен әйе...
13.09.2026
15:14
Шетелдік блогермен видеоға түскен екі полиция қ...
13.09.2026
14:12
Головкин халықаралық спортта жоғары қызметке кө...
13.09.2026
13:15
Тоқаев Үндістанда Путиннің арнайы шақыруын алды
13.09.2026
12:06
Зеленскийден күтпеген мәлімдеме: Путинмен кезде...