Қайрат Әділгерей: Әйгерім Қалаубаева біздің үйге кірмей қойды
Белгілі әзілкеш Қайрат Әділгерей «Болған оқиға» подкастында гастроль кезінде болған күлкілі оқиғаны еске алды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
«Көкшетауға концерт қоюға барғанбыз. Астанадан Әйгерім Қалаубаева ұшып келді. Екі концерттен кейін түнгі он бір жарымда жолға шығуға тиіс едік. Бірақ Астанаға таңғы төрт жарымда ғана жеттік. Әйгерімнің таңғы жеті жарымда ұшуы керек екен. “Түн ортасында не істейсің, біздің үйге жүр”, — деп шақырдық. Жігіттер де қолдап, үйге ертіп келдік. Үйге кірген бойда Әйгерім: “Сендер шынымен осында тұрасыңдар ма?” — деп таңғалып тұр», — деді ол.
Әділгерейдің айтуынша, әнші сөмкесін кіреберіске қойып, орындықта бір жарым сағат қозғалмай отырған.
«Үйдің іші шашылып жатыр, жататын жер де жоқ. Ерболаттың бөлмесінде киім ілулі, Аманғалидың заттары жайылып кеткен, асүйдің түрі белгілі… “Бомждың үйі сияқты”. Әйгерімге шай іш дедің бе, қимылдаған да жоқ. Бір жарым сағаттан соң такси шақырып, кетіп қалды. Кейін сол жағдайды еске алып, өзіміз де күлеміз – ана үйге Әйгерімді апарыппыз ғой деп», — деп күлді Қайрат Әділгерей.
Соңғы жаңалықтар