"Қайрат несиені өзіне алмайды": Гүлзира Айдарбекова ұлының құпиясын ашып қойды

25.11.2025 15:02 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
0
91
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Қайрат Нұртас, Гүлзира Айдарбекова

Продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртасқа қатысты қызық оқиғаны бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Бұл туралы ол "Шәйдің қыздары" подкастындай айтты. 

"Көбі Қайраттың да кредиті бар деп күледі. Ал ол қайдан шықты? Қайрат несіиені өзіне алмайды. Мысалы, ұшақтан түскеннен кейін алдынан біреу шығып: "Қайрат балам, мына затты сатып аласың ба несие төлеуім керек еді" депті. Қайрат қанша деп сұраған. Сөйтсе 1 млн 600 мың ба сондай екен. Бірақ ол қолындағы затын 200 мыңға ма ал деп тұр. Сөйтсе қалтасында артық ақша жоқ. Өйткені Қайраттың ақшасы ИП-ға түседі. Сонда кредит алады да ана кісіге ақшаны аударып жібереді. Оны қайдан естіп қалғанын білмеймін, Қайрат Нұртастың да кредиті бар екен деп барлығы шықты. Сонда ол өзіне де алып тұрған жоқ еді", - деді Гүлзира Айдарбекова.

Желі қолданушылары бұл жайтқа қатысты түрлі пікір жазды.

"Қайраттың ақшасын мен ұстаймын десейші", "Қайрат кең жігіт қой", "Неге сонша ақталады, онда тұрған не бар?", "Кермет жандар", деді олар. 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий