Қайрат Нұртас әженің арманын орындайтын болды
554
Әлеуметтік желіде жүрекке жылы тиетін видео көпшіліктің назарын аударды. 70 жасқа толған әжейдің Қайрат Нұртасты көруді армандаған сәті елді тебірентті, деп хабарлвйды POLITICO.KZ turkystan.kz-ке сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, мерейтой иесінің қызы анасына тосынсый ретінде Қайрат Нұртасты шақырамын деп уәде берген. Алайда отбасылық жағдайларға байланысты бұл жоспар орындалмай қалған. Соның салдарынан әженің көңілі босап, көзіне жас алғаны бейнежазбада анық көрінеді.
«Маған тек Қайрат Нұртас керек. Әлі тыңдаймын оны. Өзгермейді. Қайрат жақсы бала. Кез келген әнші халықтың жүрегіне кіре алмайды. 70-тегі менің жүрегіме кіріп тұр ғой. Менің балам сияқты», – дейді ол.
Желіде кеңінен тараған бұл видеоны әншінің өзі де көрген. Жанкүйерінің шынайы ықыласы Қайрат Нұртасты бейжай қалдырмай, ол көпшілік алдында уәдесін білдірді.
«Апа, мен сізге міндетті түрде келемін», – деп жазды өнер иесі.
Соңғы жаңалықтар
14.06.2026
18:09
Нұрай Серікбай ісі бойынша тергеу аяқталды
14.06.2026
15:49
Қытайда қайыршы роботтар пайда болды
14.06.2026
14:25
Қазақстанда ым тілі ресми мәртебеге ие бола ма?...
14.06.2026
13:33
AMANAT пен Әділет бірікті
14.06.2026
13:21
Елордада Әділет партиясы бас қосты
14.06.2026
12:28
Қазақстан мен Ресей шекарасындағы кептеліс неде...