Қайрат Нұртастың әйелі бес жыл бойы жалдамалы пәтерде тұрып келгенін айтты
Жұлдыз Әбдікәрімова бес жыл бойы жалдамалы пәтерде тұрып келгенін айтты, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесінің айтуынша, оның екі жылында жаңа үйге көшуді армандаған.
«Бес жылға жуық жалдамалы пәтерде тұрдық. Оның екі жылы жаңа үйге көшеміз деген қуанышты күндер болса, ал қалған үш жыл «не істеймін, енді қайттым» деген күй кештім. Оңай болды деп айта алмаймын», – деді Жұлдыз.
Оның айтуынша, әр қиындықтың артында бір жақсылық күтеді.
«Сансыз шүкір! Жаңа пәтерге қоныс аудару осы уақытқа бұйырыпты. Бұл қуанышымды өздеріңізбен қалай бөліспеймін?! Оның үстіне, қазақылықта ырым деген бар. Әр оқырманыма осындай керемет жаңа үй жұғысты болсым дегім келеді», – деді Жұлдыз Әбдікәрімова.
Желі қолданушылары актрисаның қуанышына ортақтасып, тілектерін жаудырды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
12:31
«Борат» фильмі үшін Саша Барон Коэн қазақтардан...
29.10.2026
12:15
Асханадан саунаға дейін: «Қазақмыс» жұмысшыларғ...
29.10.2026
11:58
Дана Медеуова «Қазақстан балалары» депутаттық т...
29.10.2026
11:54
«Күліп жүргеннің бәрі бақытты емес»: Ердос Қана...
29.10.2026
11:23
12 жылға сотталған ҰҚК подполковнигінің үкімі ж...
29.10.2026
11:20
Жәрдемақыны енді бәріне бірдей бермейді: отбасы...