Қайрат Нұртастың қызы киноға түседі
Танымал әнші Қайрат Нұртастың 16 жастағы қызы Алау Нұртас қазақстандық көркем фильмдердің бірінде басты рөлдердің біріне бекітілді, деп хабарлайды Politico.kz
Жақсы жаңалықты әншінің жары, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова өзі бөлісті. Оның айтуынша, алдағы уақытта үлкен кинотуынды көрерменге жол тартады.
«Қуанышты жаңалығыммен бөліскім келеді. Ана ретінде қатты қуанып отырмын. Алау үлкен картинада бой көрсетеді. Ол кәсіби актерлермен бірге, оның ішінде халық сүйіктілері Азамат Сатыбалды мен Еркебұлан Дайыров секілді актерлермен бірге түседі. Алау басты рөлдердің бірін сомдайды. Сондықтан көктемде үлкен экраннан күтіңіздер», — деді Жұлдыз Әбдікәрімова.
Айта кетейік, бұл Алау Нұртастың кино саласындағы алғашқы ірі қадамы болмақ.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...
28.10.2026
19:28
Маңғыстау облыстық полиция департаментіне жаңа ...
28.10.2026
19:21
Айбар Олжаев Тоқаевтың Жолдауындағы құрылыс бас...