Қайрат Құдайберген Қаңтар оқиғасы бойынша 8 жылға бас бостандығынан айырылды
Қаңтар оқиғасы бойынша Алматының экс-депутатына үкім шығарылды
Қайрат Құдайберген Қаңтар оқиғасы бойынша 8 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Сот Алматы қаласы мәслихатының бұрынғы депутатын жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды және оған қатысты деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар, Құдайбергенге публицистикалық қызметпен айналысуға тыйым салынды.
Сот үкімі бойынша
- Құдайберген Алматыдағы «Қазақстан» қонақүйінде Арман Жұмагелдиевпен (Дикий Арман) бірге адамдарды жинап, оларды Жұмагелдиевтің төңірегіне бірігуге және билікке біртұтас талаптар қоюға шақырған.
Істің мән-жайы
- Сотталушылар қатарында барлығы 45 адам бар, олар Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айыпталуда.
- 24 адам жәбірленуші деп танылған.
- Сот отырыстары мемлекеттік құпиялар мен зардап шеккендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жабық түрде өтті.
Бүгін, 27 қаңтар күні, Алматы қаласындағы №72 тергеу изоляторынан баспасөз өкілдері үшін сот үкімін жария ету рәсімі өтті.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
14:19
TikTok-та «өнер» көрсеткен екінші адам да жазас...
29.10.2026
14:15
«Екі жарты бір бүтін»: Меруерт Түсіпбаева таным...
29.10.2026
14:01
Бектенов Мақсұтовтың неге кеткенін түсіндірді
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...