Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесілі базар арзандатылып қайта сатылымға шықты
Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесілі болған «Байсат» базары электронды аукционға қайта шығарылды, деп хабарлайды Politico.kz.
E-Qazyna порталында өтетін аукцион 5 ақпанда сағат 12:00-ге жоспарланған. «Байсат» базарының бастапқы бағасы 24 миллиард 772 миллион теңге болады.
Айта кетейік, «Байсат» көтерме-бөлшек сауда орталығының үлесі алғаш рет былтыр қарашада сатуға шығарылған болатын. Алайда сол кезде сауда өтпеді: аукцион басталған кезде объектіге тіркелген қатысушылар болған жоқ.
Желтоқсанның аяғында базар қайтадан саудаға шығарылды. Сол кезде «Байсаттың» бастапқы бағасы 26,7 миллиард теңге болды, бірақ сатып алушылар табылмады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
23:19
Испаниядағы ірі апаттан кейін Қазақстан СІМ мәл...
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...