"Қайрат сияқты бай емеспін": Мақпал Жүнісова сахнада сыйлық сұраған көрерменге әзілмен жауап берді
Концерт барысында көрермендердің бірі әнші Мақпал Жүнісовадан естелікке бір затын сыйлауды сұрап, өнер иесі бұл жағдайға әзілмен жауап қатты, деп хабарлайды Politico.kz.
Әнші дәл сол сәтте сахнадан қандай затын шешіп бере алатынын ойланып, басындағы бас киімін шеше алмайтынын жеткізді. Осы орайда ол сахнада киімін жанкүйерлеріне жиі тарататын әріптесі Қайрат Нұртасты еске алды.
"Мен Қайрат сияқты бай емеспін. Жалғыз тұрамын, күйеуім де жоқ", — деп әзілдеген әншінің жауабы көпшілікті күлкіге қарық қылды.
Желі қолданушылары халық әртісінің қарапайымдылығы мен шынайылығына тәнті болып, жылы лебіздерін білдіруде. Айта кетейік, бұған дейінгі концерттердің бірінде Мақпал Жүнісова өзінің алтын әшекейін шешіп, көрерменге сыйға тартқан болатын. Осы оқиғадан кейін әншіден сый дәметкен тыңдармандар саны арта түскен сыңайлы.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
15.10.2026
22:34
Семейде сәбиді қоқысқа тастаған ата-анаға сот ү...
15.10.2026
21:38
«Тәте емес, милфа деп ата»: Дильназ Ахмадиеваны...
15.10.2026
21:06
Шымкентте кәсіпкерлер мен шенеуніктерді бопсала...
15.10.2026
20:26
Қазақстан мен Әзербайжан арасында Каспий арқылы...
15.10.2026
19:13
Алтын іздеп ажал құшты: Бестөбеде екі күнде екі...
15.10.2026
18:22
55 оқушы ауруханада: Алматыдағы жаппай улануға ...