«Қазақ киносының жадымызда қалатын тұлғасы»: Ақан Сатаев Мұрат Бисембинді еске алды

09.01.2026 09:20 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Қазақ киносының жадымызда қалатын тұлғасы»: Ақан Сатаев Мұрат Бисембинді еске алды
0
72
Фото: Instagram жеке парақшасынан

Танымал режиссер әрі продюсер Ақан Сатаев өмірден өткен актер Мұрат Бисембинге арнап әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялады,, деп хабарлайды Politico.kz

Ақан Сатаев Instagram парақшасында қазақ кино өнерінде өшпес із қалдырған актердің еңбегіне құрмет білдіріп, қоштасу сөзін арнады.

«Бүгін біз қазақстандық кино тарихында үлкен із қалдырған тұлға – Мұрат Бисембинді терең қайғы және шексіз алғыс сезімімен еске аламыз. Өнерге қосқан өлшеусіз үлесіңіз, адалдығыңыз бен халық жүрегінде қалдырған ізіңіз үшін алғысымыз мол. Сіздің бейнеңіз кадрларда ғана емес, соңғы титрлардан кейінгі үнсіздікте де мәңгі өмір сүреді. Есіміңіз жадымызда мәңгі сақталады», – деп жазды режиссер.

Бұл жазба желі қолданушыларының жүрегін толқытты. Көпшілік актердің қазасына қатысты қайғысын білдіріп, жылы пікір қалдырды:


«Өте ауыр қаза. Мықты актер, жақсы бауырымыз еді»,
«Иманды болсын! Сүйіп көретін актерім болатын»,
«Соңына дейін жазылып кетер деп үміттеніп едік…», – деп жазды оқырмандар.

Айта кетейік, Мұрат Бисембин Ақан Сатаевтың режиссерлігімен түсірілген әйгілі «Рэкетир» фильмінде басты рөлді сомдап, көрерменнің ерекше ықыласына бөленген еді. Белгілі болғандай, актер бір жылдан астам уақыт бойы қатерлі ісікпен күрескен. 2024 жылдың күзінде диагнозы анықталып, денсаулығына байланысты жаңа жобалардан бас тартып, түсірілімдерді уақытша тоқтатуға мәжбүр болған. Соңғы бір жарым жылда ол үздіксіз ем қабылдап, ауруханада болған.

Ал былтырғы жылдың желтоқсан айында Мұрат Бисембин инсульт алып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген еді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий