«QazaqGaz Aimaq» Жетісу филиалының директоры ұсталды

30.01.2026 11:19 Арман Ермеков Арман Ермеков
«QazaqGaz Aimaq» Жетісу филиалының директоры ұсталды
218
Фото: vestnik19.kz

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті «QazaqGaz Aimaq» акционерлік қоғамының Жетісу өндірістік филиалының директоры Айбек Ерғалидің ұсталғанын растады, деп хабарлайды Politico.kz

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Kazinform агенттігіне мәлімдеді. Қазіргі уақытта Айбек Ерғалиге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Осы оқиғадан біраз уақыт бұрын ол Өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өткізіп, табиғи газ тарифтерінің қалыптасуы жөнінде есеп берген еді.

Айта кетейік, Айбек Ерғали ұсталған кезінде өңірді бөлшек саудада газбен қамтамасыз етуге жауапты Жетісу өндірістік филиалын басқарып отырған болатын. Аталған құрылым тарифтерді реттеу мен техникалық қосу және тұрғындар мен мекемелердің қарыздарымен жұмыс істеу бағыттарына тікелей жауап береді.

«QazaqGaz Aimaq» АҚ – «QazaqGaz» ұлттық компаниясының еншілес ұйымы. Мекеме ішкі нарықта газды тарату және сату қызметін атқарады. Қазіргі таңда компанияда өңірлік активтерді бақылау және қарыз жүктемесін реттеу бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий