Қазақмыс Аягөзде ипподром мен балалар алаңын салуға 200 млн теңге бөледі
«Қазақмыс» корпорациясы Абай облысының Аягөз ауданында құны 200 млн теңге болатын әлеуметтік жобаларды іске асырады, деп хабарлайды Politico.kz.
Компанияның басқарма төрағасының кеңесшісі Әлібек Мұқатаев пен өңірлік даму департаментінің директоры Медет Дүйсембаев Абай облысының әкімі Берік Уәлимен арнайы кездесіп аудандағы істерді талқылады. Тараптар бұған дейін «Қазақмыс» пен Аягөз әкімдігі арасында жасалған меморандумның қалай орындалып жатқанын пысықтады. Бұл келісім тұрғындардың жағдайын жақсартып аудан инфрақұрылымын дамыту үшін жасалған.
Құжатқа сәйкес 2026 жылы ауданда жалпы құны 200 млн теңгеге жуықтайтын бірнеше жоба қолға алынады. Жоспар бойынша ауылдық округтегі мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтеді, оған қоса балалар ойнайтын алаң мен Аягөз қаласында жаңа ипподром бой көтереді.
Жалпы корпорация өзі жұмыс істейтін аймақтарда осындай қоғамдық маңызы бар бастамаларға тұрақты түрде қолдау көрсетіп келеді.
Соңғы жаңалықтар