Қазақмыстың қызметкері 8 жасар баланы аяусыз ұрып-соққан

Қазақмыстың қызметкері 8 жасар баланы аяусыз ұрып-соққан
05.08.2025 17:13
0
200
Коллаж: POLITICO.KZ
Қазақмыс қызметкері балаға жәбір көрсетті деген күдікке ілінді, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Балқаш қаласының тұрғыны Алмас Басымбековті 8 жасар ұлына жәбір көрсетті деп айыптап отыр. Әйелдің айтуынша, күдікті Қазақмыс компаниясының қызметкері.

Анасының сөзінше Басымбетов баланың саусақтарын сындырып, басынан ұрып, денесін күйдірген.

– Екі баланың әкесі бола тұра, ол менің ұлымды өз қолымен жазалап, қорлық көрсетті. Бұл жағдай заң алдында өте қатаң бағалануы тиіс, – дейді жәбірленуші баланың анасы.

Ол бұл істің әділ тергелмей қалуынан қорқады. Себебі, Басымбековтың полиция мен медицина мекемелерімен байланысы бар екенін айтып, істі жабуға тырысуда дейді. Әйел сондай-ақ отбасының қауіпсіздігіне де алаңдап, оқиғаның барлық жай-жапсарын ашып айтуға моральдық тұрғыда дайын емес екенін мәлімдеді.

– Қазір шок жағдайындамын. Сондықтан болған жайтты толық баяндауға шамам жоқ. Адвокатпен бірге арызды толық жазып болған соң, бәрін ашық айтатын боламын, – деді ол.

Әйел қазір адвокат жалдау үшін 700мың теңге қаражат жинап жатыр. Қоғамның арқасында 512мың теңге жиналған.

Қарағанды облыстық полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

 

View on Threads
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий