Қазақстан экономикасын реформалау бағыттары белгіленді
Қазақстан экономикасын дамыту мәселелері үкіметте талқыланды
Қазақстан үкіметінде экономикалық саясат кеңесінің отырысы өтті. Жиынды премьер-министр Олжас Бектенов жүргізді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Кездесуде мемлекеттің экономикалық саясатын жетілдіру, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету және жеке сектордың рөлін арттыру мәселелері талқыланды.
Жиында негізгі үш бағытқа басымдық берілді:
- Макроэкономикалық саясаттың тұрақтылығын сақтау – ақша-несие және салық-бюджет саясаты арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету.
- Мемлекеттік қаржы жүйесінің орнықтылығы – бюджет тәртібін сақтау, бюджеттік ережелердің орындалуын қадағалау.
- Қаржы секторындағы тәуекелдерді төмендету – экономиканы қаржыландыруда жеке сектордың рөлін күшейту, нарықтық тетіктерге сүйену.
Отырыста сөз сөйлегендер:
- Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов
- Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин
- Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Қанат Шарлапаев
- Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова
- Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев
Үкімет жеке сектордың экономикадағы үлесін арттыру қажеттілігін атап өтті. Сонымен қатар, мемлекеттік бюджеттің тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету үшін жаңа шаралар ұсынылды.
Бектенов экономикалық өсімді нарықтық механизмдерге сүйене отырып қамтамасыз ету керектігін айтты. Жаңа шешімдер макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау және халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
10:13
Қазақстанда 2027 жылы зейнетақы 8,5 пайызға өсу...
28.10.2026
10:09
Петропавлда белгісіз сұйықтық ішіп қойған үшін...
28.10.2026
09:34
Жаңа туған екі сәбиін тұншықтырып өлтірген әйел...
27.10.2026
21:56
Microsoft 60 мың қызметкеріне өз еркімен жұмыст...
27.10.2026
20:40
Жамбыл облысында заңсыз көші-қон ұйымдастырған ...
27.10.2026
19:53
Қызылорда полициясы атышулы жол апатына кінәлі ...