Қазақстан Газаға әскер жібере ме? АҚШ өкілі күтпеген мәлімдеме жасады
Қазақстан Газаға халықаралық миссияға мыңдаған әскери мамандар ұсынды, деп хабарлайды Politico.kz.
АҚШ-тың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Майк Уолтц Газа секторындағы халықаралық тұрақтандыру миссиясына бірнеше ел әскер жіберуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында айтты.
Уолтцтің сөзінше, Уганда, Марокко және Қазақстан халықаралық күштердің құрамына қатысу үшін мыңдаған әскери мамандар ұсынған.
«Уганда, Марокко және Қазақстан секілді елдер бұл мақсатқа мыңдаған әскер ұсынды», – деді АҚШ өкілі.
Оның айтуынша, серіктес мемлекеттердің әскери қызметшілері мен тиісті персоналы Газаға кезең-кезеңімен орналастырылуы тиіс. Халықаралық тұрақтандыру күштеріне арналған тактикалық көліктер логистикалық базаға жеткізілген. Алайда миссия күштерін орналастыру АҚШ күткеннен баяу жүріп жатыр.
Халықаралық тұрақтандыру күштерін құру БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2803-қарары аясында қарастырылған. Бұл бастама Газа секторын соғыстан кейін қалпына келтіру жоспарының бір бөлігі саналады.
Жоспарға сәйкес, ХАМАС пен басқа да қарулы топтарды қарусыздандыру, Израиль әскерін Газа аумағынан шығару, халықаралық тұрақтандыру күштерін орналастыру және басқару өкілеттігін Газа секторын басқару жөніндегі Ұлттық комитетке кезең-кезеңімен беру көзделген.
Сонымен қатар Майк Уолтц мәлімдеген әскери контингент саны бұған дейін жарияланған деректерден өзгеше екені атап өтілді.
Соңғы жаңалықтар