Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында контрабанда туннелі табылды
833
Шекарадағы құпия туннель 7 тонна мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған
Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында 450 метрлік құпия туннель табылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Екі елдің құқық қорғау органдары бірлескен арнайы операция барысында трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін құрықтады.
Тергеу материалдарына сәйкес, туннель арқылы күн сайын шамамен жеті тонна жанармай және майлау материалдары заңсыз тасымалданып отырған. Бұл әрекетке Қазақстан мен Өзбекстан азаматтары қатысқан.
Құқық қорғаушылардың айтуынша, бұл туннель контрабанда үшін арнайы салынған. Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Айта кетейік, екі ел арасындағы шекарада мұндай заңсыз әрекет алғаш рет анықталып отырған жоқ. Тараптар шекаралық қауіпсіздікті күшейту мақсатында бірлескен жұмыстарды жалғастыруда.
Соңғы жаңалықтар
30.07.2026
00:00
Досымен бәстескен ер адам Аргентина құрамасы же...
29.07.2026
23:22
«Сотқа беремін»: Мейірман Шекеев Аша Матайға ес...
29.07.2026
22:42
Қазақстан мен АҚШ КҚК мәселесін талқылады
29.07.2026
21:52
Тарихта алғаш рет! Қазақстандық семсерлесушілер...
29.07.2026
21:46
Тоқаев Астанада «Болашақ ойындарын» ашып, Қазақ...
29.07.2026
21:14
Түркістан тауларында қайғылы жағдай: Бір адам қ...