Қазақстан мұнайы тиелген екі танкерге шабуыл жасалды: Энергетика министрлігі мәлімдеме жасады

13.01.2026 21:48 Берік Арманов Берік Арманов
Қазақстан мұнайы тиелген екі танкерге шабуыл жасалды: Энергетика министрлігі мәлімдеме жасады
0
59
Фото:depositphotos.com

Энергетика министрлігі 2026 жылғы 13 қаңтарда Қара теңіз акваториясында, Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалы маңында қазақстандық экспорттық мұнайды тасымалдауға қатысқан екі танкермен болған оқиғаларға қатысты ресми ақпарат таратты, деп хабарлайды Politico.kz

Министрліктің хабарлауынша, Мальта туымен жүрген «Matilda» танкері «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының еншілес ұйымы арқылы жалға алынған. Кеме ұшқышсыз ұшу аппаратының шабуылына ұшыраған. Жарылыс тіркелгенімен, өрт болмаған. Экипаж мүшелері зардап шеккен жоқ. Алдын ала техникалық бағалауға сәйкес, танкердің теңізде жүзу қабілеті сақталған, корпусында аса қауіпті зақымдар анықталмаған.

Сондай-ақ Либерия туымен жүрген «Delta Harmony» танкеріне де жүктеу жұмыстарына дайындық кезеңінде ҰҰА шабуылы жасалған. Нәтижесінде өрт шыққанымен, ол жедел түрде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Оперативтік штабтың мәліметінше, оқиға кезінде кемеге мұнай тиеу жұмыстары жүргізілмеген, жүк цистерналары бос болған. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының экспорттық мұнай ресурстарына зиян келтірілмеген.

Энергетика министрлігі логистикалық тізбектердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экспорттық жеткізілімдердің үздіксіздігін сақтау мақсатында «ҚазМұнайГаз» ұлттық операторымен, консорциум әкімшілігімен және кеме иелерімен өзара іс-қимылды жедел түрде үйлестіріп отырғанын мәлімдеді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий