Қазақстан спортшылары әлемдік рейтингте жоғары көрсеткішке қол жеткізді

24.08.2026 17:11 Қарақат АСЫЛОВА
Қазақстан спортшылары әлемдік рейтингте жоғары көрсеткішке қол жеткізді
144
Фото: ҚР ҰОҚ

Қазақстандық спортшы, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Халықаралық конькимен сырғанаушылар одағының (ISU) жаңартылған әлемдік рейтингінде 3918 ұпай жинап, құрметті үшінші орынға табан тіреді, деп хабарлайды Politico.kz.

Ерлер арасындағы жекелей сында америкалық Илья Малинин 4590 ұпаймен жеке-дара көш бастап келеді. Екінші сатыда 4123 ұпай жинаған жапониялық Юма Кагияма тұр. Үздіктер үштігін отандасымыз Михаил Шайдоров түйіндеді.

Скриншот: isu-skating.com

Жаңа тізімде еліміздің өзге де мәнерлеп сырғанаушылары өз позицияларын бекітті. Әйелдер арасындағы жекелей бәсекеде Қазақстан спортшыларының ішінен ең жоғары көрсеткішке Софья Самоделкина қол жеткізді. Ол әлемдік кестеде 13-орынға жайғасты.

Скриншот: isu-skating.com

Өзгерістер мұздағы би бағдарламасына да әсер етті. Қазақстанның жетекші бишілер жұбы Гаухар Наурызова мен Бойсангур Датиев жаңартылған халықаралық рейтингте 44-орынға тұрақтады.

Скриншот: isu-skating.co

Войдите, чтобы оставить комментарий