Қазақстанда 100 мың шетелдік студент оқуы мүмкін

31.10.2025 14:39 Арман Ермеков
Қазақстанда 100 мың шетелдік студент оқуы мүмкін
0
163
фото: ашық дереккөз

Қазақстан алдағы бес жылда елде білім алатын шетелдік студенттердің санын үш еседен астам арттыруды жоспарлап отыр. Қазір елімізде 31 мыңнан астам шетел азаматы оқыса, 2029 жылға қарай бұл көрсеткішті 100 мыңға жеткізу міндеті қойылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан – академиялық білім аймағы» атты халықаралық форумда мәлімдеді.

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл межеге жету үшін шетелдіктерге арналған виза режимі оңтайландырылады. Сондай-ақ, оқуын үздік бітірген түлектердің Қазақстанда қалып, жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін арнайы бағдарлама іске қосылмақ.

Президент қазірдің өзінде 40 жетекші университетпен серіктестік орнатылғанын, соның нәтижесінде елде шетелдік жоғары оқу орындарының 33 бөлімі ашылғанын атап өтті.

Бұл филиалдардың көбінде білім ағылшын, орыс және қытай тілдерінде беріледі.

Дегенмен, Тоқаев елімізде ашылған барлық шетелдік бөлімшеде қазақ тілі мен Қазақстан тарихы міндетті пән ретінде оқытылатынын ескертті. Оның сөзінше, бұл қадам шетелдік студенттерге жергілікті мәдениет пен дәстүрді тереңірек түсінуге көмектеседі.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий