Қазақстанда 16 өңірде дауылды ескерту жарияланды

16.04.2026 21:31 Қарақат АСЫЛОВА
Қазақстанда 16 өңірде дауылды ескерту жарияланды
265
Дауыл, қар, бұршақ: Қазақстанда қауіпті ауа райы болжанды

Синоптиктер 17 сәуірге арналған ауа райына байланысты Қазақстанның 16 өңірінде, сондай-ақ Алматы мен Шымкент қалаларында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.

Мамандардың мәліметінше, ел аумағында жауын-шашын күтіледі. Солтүстік және шығыс өңірлерде жаңбыр қарға ұласып, көктайғақ болуы мүмкін. Ал оңтүстік аймақтарда найзағай ойнап, жел күшейеді. Батыста тұман түседі деп болжануда.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарында желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге дейін жетеді. Кей жерлерде тұман байқалады.

Қарағанды және Ұлытау облыстарында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады. Кей аймақтарда жауын-шашын күшейеді деп күтілуде.

Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында да жауын-шашын, тұман және қатты жел болжанған. Кей жерлерде желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Алматы және Жетісу облыстарында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ пен шквал күтіледі. Таулы аймақтарда қар аралас жауын-шашын болуы мүмкін. Желдің екпіні 30 м/с-тан асады.

Жамбыл және Түркістан облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында жаңбыр, найзағай, бұршақ және қатты жел болжануда.

Қызылорда облысында шаңды дауыл, найзағай және қатты жел күтіледі. Ал батыс өңірлерде — Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстарында тұман түседі.

Синоптиктер азаматтарды ауа райының күрт өзгеруіне байланысты сақ болуға шақырды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий