Қазақстанда 800 мыңнан астам оқушы «Qarzhy Saqshysy» ойынына қатысты

17.12.2025 19:29 Берік Арманов Берік Арманов
Қазақстанда 800 мыңнан астам оқушы «Qarzhy Saqshysy» ойынына қатысты
0
41
Фото: ҚМА

2025 жылғы 1-15 желтоқсан аралығында «Заң және тәртіп» жалпыұлттық қағидаты аясында қаржылық қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған «Qarzhy Saqshysy» республикалық компьютерлік ойыны өткізілді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Жоба Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Қаржылық мониторинг агенттігі және AML Academy бірлесіп жүзеге асырды.

Интерактивті форматта қатысушылар қаржылық тәуекелдерді анықтап, виртуалды қаражатты басқарды және қаржылық қауіпсіздікке қатысты тапсырмаларды орындады. Оқушылар дропперліктің белгілерін, қаржылық пирамидаларды анықтауды және фишингтік сайттарды шынайы сайттардан ажыратуды үйренді.

Ойынға Қазақстанның барлық өңірлерінен 800 мыңнан астам 10–11 сынып оқушысы мен колледждердің 1–2 курс студенттері қатысты. Жоба қорытындысы бойынша жеңімпаздар құнды сыйлықтармен марапатталады.

«Qarzhy Saqshysy» қаржылық тұрғыдан сауатты әрі жауапты ұрпақты қалыптастыру жолындағы маңызды қадамға айналып, қаржылық қауіпсіздік саласындағы білімді арттыруға бағытталған тұрақты дәстүр ретінде жыл сайын өткізілетін болады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий