Қазақстанда екінші АЭС салынатын орын ресми түрде бекітілді

Қазақстанда екінші АЭС салынатын орын ресми түрде бекітілді
Фото: Zakon.kz

Үкімет Алматы облысының Жамбыл ауданында екінші атом электр станциясын салу туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Politico.kz.

Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойған құжатта нысанның нақты орналасатын аймағы айқындалған.

«"Екінші атом электр станциясы" ядролық қондырғысын (бұдан әрі – ядролық қондырғы) салу және Алматы облысының Жамбыл ауданы – ядролық қондырғы салынатын аудан туралы шешім қабылдансын.

Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», – делінген ресми құжатта.

Бұл қаулыға премьер-министр 2026 жылдың 26 қаңтарында қол қойған.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу