Қазақстанда курьерлерге медициналық тексеруден өту міндеттелді
Қазақстанда курьерлерге медициналық кітапша мен тексеру міндеттелді
Қазақстанда курьерлерге жаңа талаптар енгізілді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап елде қоғамдық тамақтандыру өнімдерін жеткізу бойынша жаңа стандарттар күшіне енді. Жаңа талаптарға сәйкес, жеткізу қызметінің қызметкерлері:
- Міндетті түрде медициналық тексеруден өтуі керек;
- Жеке медициналық кітапшаға иелік етуі тиіс;
- Кәсіби гигиеналық дайындықтан өтуі қажет.
Бұдан бөлек, жеткізу кезінде тұтынушыларға тапсырыстың қаптамасының сыртқы зақымдануларын тексеру мүмкіндігі беріледі.
Жаңа стандарттың мақсаты – жеткізу процесінде санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, бұл өзгерістер тамақ өнімдерінің сапасын арттыруға және тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
10:13
Қазақстанда 2027 жылы зейнетақы 8,5 пайызға өсу...
28.10.2026
10:09
Петропавлда белгісіз сұйықтық ішіп қойған үшін...
28.10.2026
09:34
Жаңа туған екі сәбиін тұншықтырып өлтірген әйел...
27.10.2026
21:56
Microsoft 60 мың қызметкеріне өз еркімен жұмыст...
27.10.2026
20:40
Жамбыл облысында заңсыз көші-қон ұйымдастырған ...
27.10.2026
19:53
Қызылорда полициясы атышулы жол апатына кінәлі ...