Қазақстанда отбасын құру тенденциясы азайып барады
Қазақстанда неке саны соңғы 10 жылда 22%-ға азайды
Қазақстанда соңғы 10 жылда некеге тұру көрсеткіші айтарлықтай төмендегені белгілі болды, деп хабарлайды Politico.kz.
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2015 жылы елде шамамен 149 мың неке тіркелсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 116 мыңға дейін азайған. Яғни төмендеу шамамен 22 пайызды құрап отыр.
Сондай-ақ некелесу деңгейінің коэффициенті де төмендеген. Бұрын мың адамға 8,4 неке тіркелсе, қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 5,6-ға дейін түскен.
Ең көп неке тіркелетін өңір ретінде Астана қаласы көрсетіліп отыр. Мамандар мұны елордаға жастар мен еңбекке қабілетті азаматтардың көптеп қоныс аударуымен байланыстырады. Ал ең төмен көрсеткіш Қызылорда облысы мен Батыс Қазақстан облысында тіркелген.
Сонымен қатар қазақстандықтар некеге бұрынғыға қарағанда кешірек тұратын болған. Бірінші некеге тұрудың орташа жасы ерлерде 27,9 жасқа, әйелдерде 25,3 жасқа жеткен.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
10:13
Қазақстанда 2027 жылы зейнетақы 8,5 пайызға өсу...
28.10.2026
10:09
Петропавлда белгісіз сұйықтық ішіп қойған үшін...
28.10.2026
09:34
Жаңа туған екі сәбиін тұншықтырып өлтірген әйел...
27.10.2026
21:56
Microsoft 60 мың қызметкеріне өз еркімен жұмыст...
27.10.2026
20:40
Жамбыл облысында заңсыз көші-қон ұйымдастырған ...
27.10.2026
19:53
Қызылорда полициясы атышулы жол апатына кінәлі ...