Қазақстанда пәтер алу қиындап барады: баға тоқтаусыз өсуде

Қазақстанда пәтер алу қиындап барады: баға тоқтаусыз өсуде
22.07.2025 09:53
0
273
Сурет: Ашық Дереккөз

Қазақстанда пәтер алу барған сайын қиындап барады

Жаңа тұрғын үйдің рекордтық көлемде салынғанына қарамастан, баспана бағасы төмендеудің орнына, қайта қымбаттап жатыр.

Сарапшылар қазіргі уақытта қазақстандықтардың сатып алу қабілеті шегіне жеткенін айтады. Биылғы жылдың алғашқы алты айында елімізде 70 мыңнан астам жаңа пәтер пайдалануға берілген. Бұл тарихи рекорд болғанымен, баспанаға деген сұранысты толық қанағаттандыруға жеткіліксіз. Соның салдарынан нарықтағы баға өсуін тоқтатпай тұр.

2025 жылғы маусымда жаңа салынған пәтерлердің бағасы былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 9,5%-ға өскен. Мәселен, Шымкентте баға 16%-ға, Алматыда 15%-ға, Астанада шамамен 6%-ға көтерілген. Қазір бір шаршы метрдің орташа құны 527 мың теңгеге жеткен. Бұл өткен жылғы 488 мың теңгемен салыстырғанда едәуір көп.

Сарапшы Александр Пактың пікірінше, ел бойынша тұрғын үй құрылысы жедел қарқынмен жүріп жатса да, халық тарапынан сұраныс одан да жоғары болып отыр. Нарықта пәтер сатып алушылар азайған, ал сату-сатып алу келісімдерінің саны төмендеп кеткен.

"Қазір біз ай сайын 45 мың келісімге жете алмай отырмыз. Себебі өңірлерде 20%-ға дейін, кейде одан да көп төмендеу байқалады. Астана мен Алматыда да нарық тұрақсыз қозғалыс көрсетуде", – деді сарапшы.

Бұл жағдай ипотека нарығына да салқынын тигізіп отыр. Азаматтар жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалардың қайта іске қосылуын күтіп отыр. Алайда мамандар 2025 жылы ипотека рәсімдеу бұрынғыдан да қиын болуы мүмкін екенін ескертеді.

"Бағаның өсуіне бірнеше фактор әсер етіп жатыр. 2025 жылдан бастап ҚҚС енгізіледі, заңдарға бірқатар өзгерістер күтілуде, сонымен қатар доллар бағамының өсуі де ықпал етуде. Құрылыс материалдарының шамамен 50%-ы шетелден әкелінеді", – дейді халықаралық сарапшы Лев Тетин.

Болжам бойынша, 2025 жылдың соңына дейін тұрғын үй бағасы жылдық есеппен тағы 12-15%-ға өсуі мүмкін.

Дереккөз: informburo.kz

 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий