Қазақстанда құрылыс саласы цифрлық форматқа көшеді: 2 жылдық жоспар бекітілді

09.01.2026 16:40 Нақыпбек Фатима Нақыпбек Фатима
Қазақстанда құрылыс саласы цифрлық форматқа көшеді: 2 жылдық жоспар бекітілді
0
128
Фото: gov.kz

Үкіметте 2026–2027 жылдарға арналған құрылыс саласын цифрландыру жоспары ресми түрде бекітілді, деп хабарлайды Politico.kz

Құжатқа Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев пен Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев қол қойды.

Жаңа жоспар Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында және «Цифрландыру және жасанды интеллект» жылы шеңберінде қабылданды. Құжат құрылыс нысанының жоспарлау, жобалау, пайдалануға беру және кейінгі қызмет көрсету сынды бүкіл өмірлік циклін қамтиды.

Жоспарда саланы трансформациялаудың нақты қадамдары көрсетілген:

  • Міндетті түрде BIM-жобалау жүйесін енгізу;
  • Мемлекеттік қызметтерді толық автоматтандыру;
  • Нысандардың цифрлық паспорттарын қалыптастыру;
  • Құрылыс нормалары мен стандарттарын машинамен оқылатын форматқа көшіру.

Министрлік өкілдерінің мәліметінше, бұл шаралар қолмен атқарылатын операцияларды қысқартып, қателіктер қаупін азайтады. Нәтижесінде құрылыс мерзімі жеделдеп, шығындар оңтайландырылады және әкімшілік кедергілер жойылады. Басты мақсат — саланың ашықтығын қамтамасыз ету және ғимараттардың қауіпсіздігін арттыру.

Сонымен қатар, бүгін Мемлекет басшысы Құрылыс және Цифрлық кодекстерге қол қойды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий