Қазақстанда сланец мұнайын өндіру басталады
908
Қазақстанда мұнай өндірісінде жаңа кезең басталады
2025 жылы Қазақстанда алғашқы сланец мұнайы өндіріледі. Бұл туралы үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Премьер-министрдің айтуынша, бұл қадам еліміздің мұнай-газ саласына инвестиция тартуға үлкен мүмкіндік береді. Сонымен қатар, газ өндірісі де дамытылатын болады. «Батыс Прорва» және «Барханное» кен орындарында шамамен 19 млрд текше метр газ қоры анықталған.
«Қарағанды облысында 17 түрлі сирек кездесетін металдар бар ірі кен орны табылды. Қазіргі уақытта осы аймақта графит концентратын өндіруге арналған техникалық-экономикалық негіздеме әзірленуде. Бұл материал электромобильдерге арналған батарея өндірісінде қолданылады», – деді Бектенов.
Мұнай-газ саласындағы бұл жаңа жобалар Қазақстан экономикасына жаңа серпін беріп, инвестиция үшін тартымды жағдай жасайды деп күтілуде.
Соңғы жаңалықтар
14.09.2026
09:36
«Ішіп алған ба»: Айтыс сахнасында ұятқа қалған ...
14.09.2026
09:16
«Балаң мен әкең бақилық болса, қартаясың»: Ердо...
14.09.2026
09:10
Ақтауда электр желілері басқармасының директоры...
14.09.2026
08:36
Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы ...
14.09.2026
08:15
Тоқаев Кореяға ұшып барды
13.09.2026
17:05
Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаз...