Қазақстанда сотталған әйелдерге рақымшылық жасалуы мүмкін
899
Қарақат Әбден түрмедегі аналарды амнистиялауды ұсынды
Қазақстанда зорлық-зомбылықпен байланысты емес қылмыстар жасаған әйел сотталушыларға рақымшылық жариялау ұсынылды. Бұл бастаманы «Ауыл» партиясының депутаты Қарақат Әбден көтерді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Депутаттың айтуынша, бұл шара отбасылық құндылықтарды нығайтуға және әйелдерге жаңа өмір бастауға мүмкіндік бермек.
"Қазіргі таңда Қазақстанда 2336 әйел бас бостандығынан айырылған, олардың жартысы – аналар, соның ішінде 250-і көпбалалы. 1500-ден астам бала аналарының қамқорлығынсыз қалса, жүзге жуық нәресте балалар үйіне тапсырылған," – деді Қарақат Әбден.
Осыған байланысты депутаттар бірінші рет сотталған, 60 жасқа толған, жүкті немесе кәмелетке толмаған балалары бар аналарға рақымшылық жариялау немесе жазаны қысқарту қажет екенін айтты.
Әзірге бұл ұсыныс тек бастама ретінде қарастырылуда. Парламент бұл мәселені жан-жақты зерттеп, талқылайтын болады.
Соңғы жаңалықтар
14.09.2026
09:36
«Ішіп алған ба»: Айтыс сахнасында ұятқа қалған ...
14.09.2026
09:16
«Балаң мен әкең бақилық болса, қартаясың»: Ердо...
14.09.2026
09:10
Ақтауда электр желілері басқармасының директоры...
14.09.2026
08:36
Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы ...
14.09.2026
08:15
Тоқаев Кореяға ұшып барды
13.09.2026
17:05
Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаз...