Қазақстанда ұлтын өзгерткісі келетіндер көбейіп жатыр

Қазақстанда ұлтын өзгерткісі келетіндер көбейіп жатыр
әлеуметтік желі

Биыл 2,2 мың қазақстандық ұлтын өзгертуге өтініш берген, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Ішкі істер министрлігінің дерегінше, жыл басынан бері азаматтардан ұлтын өзгертуге байланысты 2 272 өтініш (паспорт пен жеке куәлік алу үшін) түскен. Бұл туралы Data Hub хабарлады.

Есепке сүйенсек, аптасына шамамен 58 адам өз ұлтын өзгертуді шешкен. Ең көп өтініш Алматыда тіркелген — әр 10 мың тұрғынға 2,5 формулярдан келеді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу