Қазақстанда зейнетке шығу жасы: 2026 жылы кім қанша жаста шығады?

16.03.2026 14:22 Мөлдір Талғат
Қазақстанда зейнетке шығу жасы: 2026 жылы кім қанша жаста шығады?
604
Фото: Almaty.tv/ЖИ

2026 жылы Қазақстанда зейнетке шығу жасы қоғамда жиі талқыланып жүрген тақырыптардың бірі болып отыр. Алайда қазіргі уақытта зейнет жасын өзгерту туралы ресми шешім қабылданбаған. Бұл туралы Politico.kz Uchet.kz порталына сілтеме жасап хабарлады.

Қазіргі қолданыстағы тәртіп бойынша Қазақстанда зейнетке шығу жасы мынадай:

ерлер – 63 жас,

әйелдер – 61 жас.

Болашақтағы ықтимал өзгерістер

Бұған дейін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) мен уәкілетті органдардың өкілдері әйелдердің зейнетке шығу жасы 2027 жылдың соңына дейін өзгеріссіз қалатынын мәлімдеген.

Ал ұзақмерзімді жоспарларға сәйкес, 2028 жылдан бастап әйелдердің зейнет жасы кезең-кезеңімен ұлғаюы мүмкін:

2028 жылдан – 61,5 жас,

2029 жылдан – 62 жас,

2030 жылдан – 62,5 жас,

2031 жылдан – 63 жас.

Егер бұл жоспар іске асса, ерлер мен әйелдердің зейнетке шығу жасы бірдей – 63 жас болады.

Мамандардың айтуынша, зейнет жасын кезең-кезеңімен өзгерту демографиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімделу үшін қарастырылып отыр. Билік өкілдері мұндай өзгерістер біртіндеп енгізілетінін және күрт шешімдер болмайтынын бірнеше рет атап өткен

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий