Қазақстанда жаңа салық енгізілуі мүмкін

08.04.2026 18:26 Арман Ермеков
Қазақстанда жаңа салық енгізілуі мүмкін
91
Мәжілісте ит асыраушыларға салық енгізу ұсынылды/Фото: depositphotos.com

Мәжіліс депутаттары Еуропа елдерінің тәжірибесіне сүйеніп, қазақстандықтарға ит асырағаны үшін оның тұқымына қарай салық төлетуді ұсынды, деп хабарлайды Politico.kz.

Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң жобасын талқылау кезінде Германия, Нидерланд, Австрия, Чехия және Испания сияқты елдердегідей ит иелеріне жаңа төлем енгізуді сұрады. Ол 2024 жылы осындай ұсыныс жасалғанын, бірақ ол кезде қолдау таппағанын еске сала отырып, бұл норма азаматтарды тәртіпке үйретіп, жауапкершілігін арттыратынын және түскен қаражат жергілікті бюджетті толықтырып, қаңғыбас иттер мәселесін шешуге жұмсалатынын айтты.

«Сіздер осы халықаралық тәжірибені қарастырып, оны қолдануға дайынсыздар ма», – деп сұрады депутат.

Бұған жауап ретінде Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков министрлік бұл мәселені заң жобасының 2-ші оқылымына дейін қарастыруға дайын екенін жеткізді. Өз кезегінде Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов бүгінде үй жануарларын есепке алу жүйесі жұмыс істеп тұрғанын және онда 241 мыңға жуық үй жануары тіркелгенін хабарлады.

«Қазірге дейін салық туралы мәселе көтерілген жоқ, егер депутаттар мұны жеке ұсынса, біз қарауға дайынбыз, бірақ әзірге тек жануарларды есепке алу мәселесі ғана тұр», – деді ол.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий