Қазақстанда жаңа теміржолдар мен әуежайлар салынады
Қазақстанда үш жаңа әуежай салынады
Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Олжас Бектенов көлік және логистика саласын дамытуға бағытталған ауқымды жобаларды жариялады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Биыл Достық – Мойынты және Алматы айналма теміржолдары құрылысы аяқталады. Сонымен қатар, Дарбаза – Мақтаарал және Бақты – Аягөз бағытындағы теміржол магистральдарының құрылысы жалғасып жатыр. Алдағы уақытта Мойынты – Қызылжар теміржол желісін салу және Алтынкөл – Жетіген учаскесінде қосымша жолдарды жүргізу жоспарлануда.
Сондай-ақ, үкімет үш жаңа әуежай салуды қолға алды. Олар Катонқарағай, Зайсан және Кіндерлі аймақтарында туризмді дамытуға бағытталған. Ақтауда аэрохаб құру жобасы да қарастырылып жатыр.
Бұдан бөлек, премьер-министр Каспий теңізінің түбі арқылы оптикалық-талшықты байланыс желісін салу жобасының басталатынын мәлімдеді. Бұл Қазақстанның байланыс және цифрлық инфрақұрылымын нығайтуға мүмкіндік береді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
14:19
TikTok-та «өнер» көрсеткен екінші адам да жазас...
29.10.2026
14:15
«Екі жарты бір бүтін»: Меруерт Түсіпбаева таным...
29.10.2026
14:01
Бектенов Мақсұтовтың неге кеткенін түсіндірді
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...