Қазақстандағы екінші АЭС: Үлкен ауылының тұрғындары құрылысты бастауға рұқсат берді

05.12.2025 13:55 Әсел Мұрат
Қазақстандағы екінші АЭС: Үлкен ауылының тұрғындары құрылысты бастауға рұқсат берді
0
105
Фото: ашық дереккөз

Үлкен ауылында Қазақстанда екінші АЭС салу жобасы бойынша жария тыңдау өтті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Атом энергиясы жөніндегі агенттік хабарлағандай, негізгі жүктеме қуатына энергия қажеттілігін, геологиялық факторларға, электр желілерінің инфрақұрылымына және елдің өсіп келе жатқан экономикасын тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз етуге қажеттілікті ескере отырып, екінші атом электр станциясының ықтимал орналасу орындарына талдау жүргізілді.

«Бұл талдау Қазақстанның атом саласын дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралды, оның қорытындысы бойынша екінші АЭС салу үшін аудан ретінде Алматы облысының Жамбыл ауданын айқындау ұсынылды», - делінген агенттік хабарламасында.

Мамандар тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, заманауи реакторлық технологиялар халықаралық стандарттарға сәйкес келетінін және көп деңгейлі қорғаныс жүйелерімен жабдықталғанын атап өтті.

«Қазақстанда 3+ буын реакторлары пайдаланылатын болады, онда қауіпсіздік көп деңгейлі резервтеу, пассивті және белсенді қорғау жүйелерін біріктіру қағидаты бойынша іске асырылады. Қазіргі заманғы реакторларды әлемдік қоғамдастық экологиялық және қауіпсіз деп таныды», - деп атап өтті Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Ядролық энергетика департаментінің директоры Гүлмира Мұрсалова.

Жергілікті тұрғындар жобаға қолдау білдіріп, оның жаңа жұмыс орындарын құру, инфрақұрылымды дамыту, өңірде және жалпы ел бойынша энергия тапшылығын азайту үшін маңыздылығын атап өтті.

«Екінші АЭС құрылысы жергілікті өндірісті елеулі дамытуды қамтамасыз етіп, өңірдегі шағын және орта бизнестің дамуы үшін жағдай жасайды. Дүниежүзілік тәжірибе көрсеткендей, АЭС-тегі бір жұмыс орны экономиканың аралас салаларында 10 жаңа жұмыс орнын құруға ықпал етеді», – деп атап өтті ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Қазақстандық қамту департаментінің директоры Данияр Жансейтов.

Тыңдау қорытындысы Алматы облысы мәслихатының қарауына жіберіледі.
 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий