Қазақстандағы ең криминалды өңірлер аталды
Генпрокуратура қылмыс деңгейі ең жоғары өңірлерді атады
Қазақстанда 2024 жылы қылмыс саны 140 272-ден 132 778 жағдайға дейін төмендегенімен, кейбір өңірлерде қылмыс деңгейі өскені байқалады. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Қылмыс деңгейі өскен өңірлер:
- Маңғыстау облысы: +12,2% (3097-ден 3474-ке дейін).
- Атырау облысы: +8,5% (4283-тен 4647-ге дейін).
- Павлодар облысы: +5,6% (5039-дан 5322-ге дейін).
- Қызылорда облысы: +4,6% (2871-ден 3003-ке дейін).
- Ұлытау облысы: +2,8% (1278-ден 1314-ке дейін).
- Алматы облысы: +1,6% (10 223-тен 10 385-ке дейін).
- Ақмола облысы: +0,7% (5084-тен 5120-ға дейін).
Қылмыс түрлері бойынша:
Генпрокуратураның мәліметінше, ең жиі кездесетін қылмыстар – алаяқтық және ұрлық. Ең сирек тіркелетін қылмыс – зорлау.
Жалпы алғанда, қылмыс санының азаюы елдегі құқықтық тәртіптің жақсарғанын көрсеткенімен, кейбір өңірлердегі көрсеткіштердің өсуі қоғамда алаңдаушылық туғызуда.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
14:19
TikTok-та «өнер» көрсеткен екінші адам да жазас...
29.10.2026
14:15
«Екі жарты бір бүтін»: Меруерт Түсіпбаева таным...
29.10.2026
14:01
Бектенов Мақсұтовтың неге кеткенін түсіндірді
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...