Қазақстандағы ең қарт сайлаушы өз таңдауын жасады

23.08.2026 11:09 Қарақат АСЫЛОВА
Қазақстандағы ең қарт сайлаушы өз таңдауын жасады
211
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Ұлытау облысының Қызылжар ауылында тұратын 116 жастағы Түймегүл Темірбаева Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып, дауыс берді, деп хабарлайды Politico.kz.

Ғасырдан астам ғұмыр кешкен кейуана Қазақстандағы ең қарт азаматтардың бірі ретінде белгілі.

1910 жылы дүниеге келген Түймегүл апа биыл 116 жасқа толған. Ол өмір бойы отбасына қамқор болып, адал еңбек еткен. Жолдасы Аязбай Темірбаевпен бірге жылқы өсіріп, шаруашылықпен айналысқан.

Қазір Түймегүл апа 15 немере мен 25 шөберенің әжесі. Жасына қарамастан, үй шаруасына араласып, құрт жасап, қолынан келген жұмыстарды атқарып келеді.

Сайлау учаскесінде өз таңдауын жасаған кейуана елге бейбітшілік пен ұрпағына амандық тіледі.

«Ұрпағымыз аман-сау болсын, елімізде бейбітшілік болсын. Еліміздің болашағы жарқын болсын», — деді Түймегүл апа.

Айта кетейік, ұзақ жасаған кейуана бұған дейін де елдегі маңызды қоғамдық-саяси шараларға қатысқан. 2026 жылғы республикалық референдум кезінде ол жылжымалы дауыс беру жәшігі арқылы дауыс берген.

Войдите, чтобы оставить комментарий