Қазақстандық актер АҚШ-та бір адамның өмірін құтқарып қалды
Сануржан Сүлеймен жанып жатқан көліктен адамды алып шықты
АҚШ-та қазақстандық актер адам өмірін құтқарып қалды
Голливудтық фильмге татитын оқиға Лос-Анджелес маңында орын алды. Қазақстандық актер Сануржан Сүлеймен өртеніп жатқан көліктен адамды құтқарып, нағыз ерлік көрсетті.
Куәгерлердің айтуынша, көлік жардан құлап, бірден отқа оранған. Айналадағылар үрейленіп қалған сәтте, Сануржан еш ойланбастан жалындаған көлікке қарай жүгіріп, жүргізушіні сыртқа алып шыққан. Бұл әрекеті зардап шеккен азаматқа екінші өмір сыйлады десе болады.
Бірнеше минуттан кейін оқиға орнына шұғыл қызмет өкілдері жетті. Алайда трагедияның алдын алуға дәл осы батыл қадам себеп болды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
23.10.2026
03:55
Кіші дәрет, кіші жаза: Астанада ер адам 10 тәул...
22.10.2026
22:05
Қазақстан БҰҰ бас хатшысы қызметіне ұсынылған ж...
22.10.2026
18:07
Шымкентте 4,8 миллиард долларлық 22 құжатқа қол...
22.10.2026
17:41
Тоқаев Сәтқалиевпен АЭС құрылысын талқылады
22.10.2026
17:25
TikTok-та «өнер» көрсеткен ер адам 30 тәулікке ...
22.10.2026
17:18
Қазақстанда әскерге шақырудың жаңа үлгісі енгіз...