Қазақстандық блогер Уилл Смитке шапан сыйлады

Қазақстандық блогер Уилл Смитке шапан сыйлады
әлеуметтік желі

Қазақстандық тревел-блогер әрі видеограф Дастан Мұхамедрахим Дубайда өткен халықаралық іс-шарада атақты актер Уилл Смитпен кездесіп, оған қазақтың ұлттық шапанын тарту етті, деп хабарлайды Politico.kz

Дастанның айтуынша, ол бұл сәтке алдын ала дайындалған. Актер сахнаға шығар алдында блогер шапанды дайындап, алдыңғы қатардан орын алып, мүмкіндікті жіберіп алмауға бекінген.

«Қазір мұнда Уилл Смит шығады. Мен шапан дайындап қойдым, соны өз қолыммен кигізуге тырысамын. Мен үшін дұға етіңіздер», – деді ол стористе.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу