Қазақстандық боксшылар, Олимпиада жүлдегерлері жаңа қызметке тағайындалды

18.09.2026 10:35 Әсел МҰРАТ
Қазақстандық боксшылар, Олимпиада жүлдегерлері жаңа қызметке тағайындалды
326
Коллаж: politico.kz

Қазақстандық боксшылар, Олимпиада жүлдегерлері Қамшыбек Қоңқабаев пен Әділбек Ниязымбетов жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Politico.kz.

Қамшыбек Қоңқабаев Спортшылар кеңесінің Спорт директоры болып тағайындалды.

Қазақстанның белгілі боксшысы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионаттарының екі дүркін күміс жүлдегері, Азия чемпионаттарының төрт дүркін күміс жүлдегері, ұлттық құраманың бұрынғы капитаны Қамшыбек Бисенбайұлы «Спортшылар кеңесі» басшылық құрамына қосылды.

Қамшыбек Қоңқабаев үлкен спорттың мектебінен өткен, Олимпиада ел намысын абыроймен қорғаған тәжірибелі спортшы. «Құрмет» орденінің және «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері.

«Спортшылар кеңесі» спортшылар мен спорт ардагерлерінің мүддесін қорғау, олардың ұсыныстары мен мәселелерін тиісті органдарға жеткізу, спорт саласын дамытуға бағытталған бастамаларды қолдау және спорт қауымдастығы мен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайту бағытында жұмыс істейді.

Әділбек Ниязымбетов «Спортшылар кеңесі» қоғамдық бірлестігінің Даму жөніндегі директор қызметіне тағайындалды.

Қазақстан боксының даңқты өкілі, Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері, әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Әділбек Ниязымбетов «Спортшылар кеңесі» басшылық құрамасына қосылды.

Әділбек Ниязымбетов ұзақ жылдар бойы халықаралық аренада Қазақстанның абыройын асқақтатып, отандық бокстың жарқын өкілдерінің біріне айналды. «Құрмет» орденінің иегері.

Даму жөніндегі директор ретінде Әділбек Ниязымбетов кеңестің жаңа жобаларын ілгерілетуге, өңірлік өкілдіктердің жұмысын жандандыруға, серіктестік аясын кеңейтуге және спортшыларға арналған жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға атсалысады.

Войдите, чтобы оставить комментарий