Қазақстандықтар оң өзгерістерді атап өтіп, инфрақұрылымды дамытуға жоғары сұраныс сақтап отыр – ҰТО зерттеуі

07.09.2026 19:30 Қарақат АСЫЛОВА
Қазақстандықтар оң өзгерістерді атап өтіп, инфрақұрылымды дамытуға жоғары сұраныс сақтап отыр – ҰТО зерттеуі
92
Фото: Politico.kz/Абзал Бахытжанов

Қазақстандықтардың 82%-ы қазіргі өмір сүру жағдайына толықтай қанағаттанады. Ал халықтың 68%-ы соңғы үш жылда елдегі инфрақұрылымның жақсарғанын байқаған. Бұл туралы Назарбаев Университеті жанындағы Ұлттық талдау орталығы (ҰТО) жариялаған жаңа зерттеуде айтылады.

Сауалнама 2026 жылдың шілде және тамыз айларында телефон арқылы жүргізілген. Оған еліміздің барлық өңірлерінен кәмелетке толған 1 000 тұрғын қатысты. Нәтижесінде респонденттердің 68%-ы алдағы үш жылда жағдай одан әрі жақсаратынына сенім білдірген.

Тұрғындар өз айналасындағы оң өзгерістерді бірінші кезекте жол құрылысынан байқаған. Одан кейін аулаларды абаттандыру, саябақтар салу және көгалдандыру жұмыстары жиі аталды. Бұл бағыттар елді мекендерді дамытуда әлі де негізгі басымдыққа ие болып отыр.

Дегенмен халықтың инфрақұрылымды дамытуға қатысты жаңа талаптары да бар. Зерттеуге сәйкес, азаматтар енді медициналық инфрақұрылымды жақсартуды сұрап отыр. Бұған қоса сапалы интернет, мобильді байланыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамытуға сұраныс жоғары.

Зерттеу авторларының мәліметінше, халық жүзеге асырылып жатқан жобаларды оң қабылдайды. Олар инфрақұрылымдық өзгерістердің күнделікті өмірге тигізген нақты әсерін көріп отыр.

«Сонымен қатар сауалнама халықтың одан әрі дамуға деген тұрақты сұранысы бар екенін анық көрсетті. Адамдар өзгерістерді байқап, олардың оң нәтижесін бағалайды және бұл бағыттың алдағы уақытта да жалғасатынын күтеді», – деді ҰТО мемлекеттік саясат орталығының бас зерттеушісі Роза Тілеухан.

Зерттеуді мына жерден жүктеп алуға болады

Войдите, чтобы оставить комментарий